Текст
2021 жылы 31 мамырда Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің «Бақытты бала-бақытты ел» балалар құқығын қорғау жөніндегі балалар өкілдігінің республикалық кеңесінің мүшелерімен онлайн-кездесуі өтті ( Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар шеңберінде)
Осы кездесуге қатысушы болып ҚР-ның БҒМ БҚҚК балалар өкілдігінің құрамына кірген, Қарабұлақ ауылының жалпы орта мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқару "Жас Ұлан" БҰ ұланбасысы Сарсенова Альжами үлкен құрметке ие болды.
Жас құқық қорғаушыларға куәліктер мен балалар құқығын қорғау жөніндегі балалар өкілінің төсбелгісі табысталды. Осындай шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз! Альжамиді осындай құрметті атақпен құттықтаймыз!