16.09.2021
Степногорск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және спорт ұйымдастыруымен "Бала тілі -бал" қалалық байқауына Қарабұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 4 "А" сынып оқушысы Дінмұхамет Жандос қатысты.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру және талапты да талантты балаларды табу.
Осы байқауда өз өнерін көрсете біліп, 3 -ші орынға Дінмұхамет Жандос ие болды.Әрдайым биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспін.
Сынып жетекшісі: Тапалова Нурсулу Болатовна