Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» Ұлттық ғылыми - практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы 2019 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасының барлық білім беру ұйымдарында білім алушылардың, педагогтардың және ата-аналардың қатысуымен адамның рухан-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру хатына байланысты Қарабұлақ селолқ орта мектебінде жоспарлап , іс-шаралар өткізілді.
«Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» тақырыбында сабақ өткізілді. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі «Шаттық шеңберін» ұйымдастырды.
Батауыш сынып білім алушылары өз Отанына,туған жерге,ата-анасына,досына деген сүйіспеншіліктерін айшықтайтын суреттер салып ұсынды.
«Жүрек қуанышы» тақырыбында білім алушылардың қолынан шыққан жұмыстарынан көркем еңбек пәні мұғалімі Мұрзагалиева Ұ.Ж көрме ұйымдастырды.
«Жалпыадамзаттық құндылықтар–тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі» Шеберлік сабақғын және «Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында ата-аналармен бірлескен ашық сабақы Саржанова Х.М өткізді.
Іс –шараны ұйымдастырушы өзін-өзі тану пәні мұғаімі: Саржанова Ханзира Мамановна