"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Қарабұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карабулак отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы

06.02.2018

Қатысушы банктердің  «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды орындауы туралы ақпарат

            «Қаржы орталығы» АҚ 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 6-тармағына сәйкес, халық назарына мына ақпаратты ұсынады.

            Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (бұдан әрі - МБЖЖ) қатысушы банктер:«Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «ВТБ Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ екінші деңгейдегі банктерге МБЖЖ қатысу үшін койылатын Заң талаптарына сәйкес келеді.

         Қазақстаның депозиттерге кепілдік беру қорының тізіліміне сәйкес    2018 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша, жоғарыда аталған банктер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады.

            Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы            3 қаңтардағы мәліметтері бойынша МБЖЖ бағдарламасына қатысатын банктер депозиттерді қабылдау, кассалық операцияларды жүргізу, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу лицензиясына ие.

            Сонымен қоса, 2018 жылдың ақпан айында 2017 жылы ашылған МБЖЖ депозиттері бойынша сыйлықақы есептелетіндігін хабарлаймыз.

______________________________________________________________       

             Биылғы жылы МБЖЖ өзінің бес жылдық мерейтойын атап өтті.

            МБЖЖ - бұл Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша әзірленген және 2013 жылы іске енгізілген республикалық масштабтағы әлеуметтік жоба болып табылады («Мемлекеттік білім беру жинақтау

жүйесі туралы» ҚР 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заң).

            МБЖЖ Қазақстан Республикасының азаматтарына,өзінің не баланың білім алуына Банктің 14%-ға дейінгі сыйақысынан бөлек, мемлекеттен 5% және 7% сыйлықақы есептелетін арнайы депозиттер арқылы алдын ала

қаражат жинақтауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда. осы депозиттер бойынша жалпы табыстылық 21%-ға дейін барады, бұл өз кезегінде жастар үшін білім алудың қолжетімділігін арттырады.

         Бүгінге дейін МБЖЖ шеңберінде 13 млрд теңгеден астам сомаға 18 мыңнан астам білім беру жинақтау

депозиттері тіркелген.

            Бүгінгі таңда енгізілген сыйақының көлемі 1,64 млрд. теңгені құрады.

            Осы жылы бұл бағдарламаға «Tengri bank» АҚ-ны қосу жоспарда.

        2017 жылы МБЖЖ бағдарламасын дамытуға бірқатар түзетулер қабылданды, олар мынаған бағытталған:

1.    мемлекеттік сыйлықақыны 7%-дан алуға құқығы бар балалардың  санын көбейту;

2.    облыс орталықтарында, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда филиалдардың болуы туралы қатысушы банктерге қойылатын талаптарды жою арқылы МБЖЖ-ға қатысушы банктердің қатарын кеңейту;

3.    өткен кезеңдер үшін мемлекет сыйлықақысын үстеме төлеу, сондай-ақ артық төленген мемлекет сыйақыларын қайтару мүмкіндігі;

4.     білім беру жинақтау салымдарын ауыртпалықтардың барлық түрлерінен қорғау (тыйым салулар, шектеулер, өндіріп алу).

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст