Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелер тобының проекциялары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың геометриялық денелер проекциясы туралы білімдерін сызбаларды орындау арқылы толықтыру.
Дамытушылық: Біліктіліктерін логикалық тапсырмалар арқылы арттыру, сұрақтарға жауап іздеуге, сызбаны
ауызша оқып, өз ойын еркін айтуға мүмкіндік туғызу.
Тәрбиелілік: Өз бетінше талаптануы мен іскерлік, шығармашылық дағдысын қалыптастыру.
Түрі: жалпылау
Күтілетін нәтиже:
1.Геометриялық денелер проекциясы туралы білімдерін толықтырады
2.Сұрақтарға еркін жауап бере алады.
3.Paint программасымен сызбаның негізін сыза алады.
4.Геометриялық денелер проекцияларын орындай алады.
Не арқылы бағаланады: Түрлі түсті жетонмен сұрақтарға белсене дұрыс жауап беру, геометриялық денелердің проекциялары жөнінде біліктіліктері.
Сабақтың көрнекілігі, құралдары: геометриялық денелер макеттері, сызбалар, А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа. интербелсенді тақта, карточкалар, слайд, тапсырмалар.
әдебиет: оқулық «Сызу»-9 сынып
Әдіс-тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау мен жазу бағдарламасының ой қозғау, көрнекіліктер стратегиялары,
сұрақ-жауап, практикалық және оқулықпен жұмыс.
Сабақтың өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылармен сәлемдесіп, танысу, сызу құралдарын тексеру, сабаққа назарларын аудару.
Жаңа сабақтың тақырыбын тақырыбымен мақсатын хабарлау.
Мағынаны тану. ЖИГСО әдісі. Сыныпты геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөліп аламын.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
- қандай геометриялық денелерді білесіңдер? (пирамида, призма, цилиндр, конус, шар).
-Берілген проекциялар арқылы геометриялық денені ата.(Слайд)
1. Геометриялық денелер туралы жұмбақ шешу.
а) Дұрыс алты жақ,
Атын ойлап тап! (куб).
ә) Оқушы жәшік құрады
Үш өлшемнен тұрады. (параллелепипед).
б) Табандары – көпбұрыш,
Жақтары тіктөртбұрыш (тік призма).
в) Египетте қаланған
Пифагордан нәр алған. (пирамида).
г) Шарымыздың бөлігі,
Фигуралар серігі. (сегмент, сектор).
д) Геометриялық дене, шарға ұқсас неме. (қиық конус).
е) Басқа кисем бөрік, сәнді сұлу көрік. (конус).
и)Ұн елесең – елек , су тасысаң – шелек . /цилиндр/
к)Үрлейтін затпен аттас, атын ешкім таппас /шар/
Бағалау ауызша сұрақ жауаптар 1 бал
2. Графикалық жұмыс: карточкада берілген геометриялық денелердің жетіспейтін проекцияларын толықтыру.
Бағалау Г/Ж №1 (3) бал
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Оқулықпен жұмыс.
2-кі топқа бөліп алу. Устел үсіндегі өзіңе ұнайтын геометриялық денелердің біреуін таңдап ал. Кейін геометриялық денелер айналу және көпжақты түрі болатынын еске түсіріп, айналу түрі бірші топ, көпжақты түрі- екінші топ.
Оқушылар сабақты оқулықтан оқиды. 58 бет, 122 суретті геометрияляқ денелер тобының сызбаларын оқу.(Слайд)
IV. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
1.118, 121 суретті орындау.
Оқушылар оқулықтағы берілген тапсырманы өзара бөлісіп орындайды
Бағалау (5 бал)
2. Қызықты есептер. Оқулықтағы тапсырма 115 сурет.
Мұғалім интерактивті тақтадан қызықты есептер береді.
Берілген есептердің шешімін жылдам табу.
1-ші топ.Үстел үстінде сызбада кескінделген дойбы тастары жатыр.
Сызба бойынша үстелде неше дойбы тастары жатқандығын анықтаңдар.
2-ші топ .Үстел үстіне төрт дойбы тасы бірінің үстіне бірі қойылды.
Сызбада олардың фронталь, горизонталь және профиль проекциялары көрсетілген.
Егер қара тастар мен ақ тастардың саны тең болса, үстел үстінде неше дойбы тасы
бар?
Бағалау 3 бал
V. Сабақты
қорыту .
Тест тапсырмасы
Оқушының аты
жөні ...............................................................
1.
Геометриялық денелерді ата ............................................................................
................................................................................................................................
2.Геометриялық денелер дегеніміз - ..........................................................................
.........................................................................................................................................
3.Барлық геометриялық денелер неше топқа бөлінеді?
............................................
.........................................................................................................................................
4. Айналу геометриялық денелерді ата
..................................................
.........................................................................................................................................
5.Көпжақты геометриялық денелерді ата
.............................................................
.........................................................................................................................................
VI.Бағалау.
Формативті бағалауды қорытындылай отырып, жиынтық балды
есептейді.
VII. Үйге тапсырма. §23, 123 сурет.
VIII. Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек». Кері
байланыс жасайды. IX. Сабақты аяқтау. Жұмыс орнын жинастыру