Қарабұлақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Аязбаева А.К
2018жылдың 10 қаңтарында жарияланған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауын қазақстандықтарға ұсынды. Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуымыз керек.Біз жаңа өмірге бейімделе алу үшін өзгеруіміз керек.Алда әлі үлкен жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Олай болса, Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ біз екенімізді сезінейік, сөзбен емес іспен дәлелдейік.