"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Қарабұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карабулак отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хош келдің жаңа жыл.

29.12.2017

«Жаңа жыл»әні орындалады(Дәрібаевтар әні)

1-мұғалім

Халық арасында "Ескі жылдың қайғы- мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады" деген сөз бар.

Ендеше құрметті қонақтар, ата аналар, ұстаздар және оқушылар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұнымызды қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейріммен аттайық, «бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр» деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлгетолсын!

2-мұғалім

Жаңа Жыл Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!   Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!

   Біздің бүгінгі 0,3 сынып оқушыларымен ұйымдастырып отырған мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ендігі сөзді мектебіміздің директоры Таурбаева М. Б беруге рұқсат етіңіздер.

Ал, енді  кешіміздің сәнін келтіретін, оның  жақсы өтуіне өз үлесін қосқалы отырған бүгінгі Жаңа жыл ертеңгілігіміздің жүргізушісі тізгінді  сізге ұсынамыз.

Жүргізуші:Армысыздар, аяулы ұстаздар мен оқушылар!

Армысыздар бүгінгі мерекелік жиынға жиналған қауым!

Бүгінгі мектебімізде болғалы отырған жаңа жылдық мерекелік  кешімізге қош келдіңіздер!

Жаңа 2018 жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой - мақсаттар жүзеге асатын, арман - үміттер ақталатын Жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.

Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға,

Құт -береке әкелсін баршаңызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,

Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға - дей отырып ортамызға Жаңа 2018 Ит жылын шақырайық!

Көңілді  иттер биі (3 сынып)

Жаңа-жыл:  оқушы

 Мен –Жаңа жылмын,

Мен –Жаңа нұрмын.

Мен-жаңа жырмын,

Баршаңызбен біргемін.

Тағат таппай күткенің

Бұл ит жылы еді,

Әкелемін баршаңа

Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл»  (3 сынып  Амира)

Жүргізуші: . Кешіміз көңілді әнмен басталып та кеткен сияқты.

 (Жарық сөніп,боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді)

Мұз ханшайымы:

Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай- дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.

Тыныштықты бұзатын

Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймын

Сарайымды былғайтын.

Жүргізуші:-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдарма, солайма.

Жүргізуші:Жоқ, жоқ біз мұнда балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

Мұз ханшайымы:Мен ешқандай кідіре алмаймын .Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын. (Кетіп қалады)

Жүргізүші:Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшайымдықі екенін білген жоқпыз гой.Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар? (сақ- сақ күлген дауыстар естіліп, сахнадан сайқымазақ жүгіріп кіреді)

Сайқымазақ: 

Уа,халайық,жарандар

Айналаға қараңдар.

Қызық көріп шат болсын,

Шалқып күліп тараңдар.

Уа,алайық,құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Жүргізуші:Армысыз, балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшасы.Жаңа мұз ханшайымы келіп,көңілімізді түсіріп кетіп еді.

Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыз ғой.

Сайқымазақ: -олай болса не тұрыс, менің жақсы көретін ойынымды ойнайық.

(Сайқымазақтар өз өнерлерін көрсетеді)

Сайқымазақ: қәне  бәріміз шеңберге тұрамыз.  Буги-буги  билеу

Жүргізуші:Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме? Рахмет сайқымазақ! Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. -

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.

Ақ таяғы қасында

Ойын күлкі жанында

Күтеді оны шартарап

Сый дорбасын арқалап

Жаңа жыл сайын келетін

Ол кім?

Балалар: Аяз ата

Жүргізуші : жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

(Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып

Маша мен аю шығады. Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады.)

Аю: Ау,жарандар мен келемін ала дорба арқалап

Аяз ата келе жатыр ,келе жатыр ән тарат

Ақшақары қасында екен, тым әдемі күлкісі

Аппақ қардай қызыл алма түр түсі.

Жүргізуші: ой, балалар, бұлар мыналар кімдер? Мен танымай  тұрмын.Балалардың жауабы:  Ааа   мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда? (Маша мен аю күрсінеді.)

Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен уйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты. (Балалар таңқалысты.)

Екеуіде аман. Қорықпаңдар аздап демалсын сосын келеді. Біз Аязата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып

шықтық. Содан сендердің де мерекелеріңе келе жатқанын біліп,ескертейін деп келдік.

Маша:Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады)

Жүргізуші: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны безендіріп Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар

жүр.Одан да сендер бізбен болыңдар.

Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. Басын шайқайды.

Маша: Аю,аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен.Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді)

Аю:Маша ,сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын тапсырып, үйге қайтайық.

Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр.(аю қолынан сүйрейді) (Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды.

Сосын жылайды).

Жүргізуші:балалар,Маша бізбен қалсын ба? Маша сен балалардың мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.

Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы.Ойын ойнап би билейік.

Аю: жарайды, ойнасақ ойнайық.

Маша: 2 топ  қарларды екі қорапқа жинайды. Қайсы топ көп жинайды сол топ жеңіске жетеді.

Ойын 5ана, 6 бала , 5 орындық музыка арқылы ойнату.  

Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақардан хабар барма екен?

Аю: Онда мен орманнан хабар алайыншы.Келіп қалғанда болар.

(Сахнадан түлкі көрінеді. Әндетіп шыршалардың астына үңіліп, бірдеңе іздеп жүргендей қимыл жасайды).

Түлкі: Сәлеметсізбе аю паң, қалайсын Маша. Көңілдісіңдер ғой. Мені де шақырмадыңдар ма мерекеге?

Мен мерекенің шырайын кіргізіп, ғажайып өнерлерімді көрсетер едім ғой.

Аю: Амансыңба түлкі. Біз мына балалардың жаңа жыл тойлау кешіне Аяз ата мен Ақшақардың келе жатқанын айтуға келгенбіз. Маша ойнаймын, билеймін дегесін қалдым. Өзің қайдан жүрсің?

Түлкі: Менбе ,мен(қарнын сипап, аю паң құлағына сыбырлап)қарным ашты, қояндар , тышқандар барма, жолдан кездесер ме, деп шығып едім.(жан-жағына қарап) Аю паң, мында толып жүр екен а, маған айтпай несіне жасырып тұрсыз.

( Қоян,тышқан киімін киген балаларға жабысады.)

(Аю түлкіні тоқтатып, басын шайқап болмайтынын білдіреді.)

Жүргізуші: Түлкі мырза қош келдіңіз.

Бұл қоян болып, тышқан болып киінген балалар. Олар жаңа-жылын тойлауға келген. Біздің мерекені өз өнеріңізбен жалғастырып жіберіңізші.Бізбен бірге болыңыз. Аяз ата мен Ақшақарды күтіңіз. Өнеріңізге сыйлық та ұсынар.

Түлкі: Жарайды бар өнерімді жасырып қайтемін. Балалар менімен бірге  билейік. Мен биді қатырамын.

Түлкі : флешмоб

Жүргізуші: Жарайсың түлкі өнерің тамаша екен. Сыйлығыңызды аяз атадан келгенде аларсыз.

Балалар көңіл күйлерің қалай, жақсы ма. Шаршамадыңдар ма?Балалар Аяз атаны,Ақшақарды қарсы алайық.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар3 рет

(Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі. Аю алдымен шығып Аязата мен Ақшақарды қарсы алады.)

Жүргізуші:

Армысың Аязата ақсақалым,

Бармысың сұлу көркем Ақшақарым

Асыға тағатсыздық сезімменен

Күтуде өзіңізді барша қауым.

Би: «Аяз ата»  2сынып оқушылары.

Аяз ата: 

Ау, амансыңба ұлдарым

Амансыңба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар:

 Ал,кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық

Жаңажылда

Шыршамызды айналып

Би билейік қалықтап

Қарап тұрма қалыс кап.

Би: «Аяз аталар»  2 сынып

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар сіздермен бір ойнағысы келіп тұр.  Әуелі  ойнамас бұрын, алдымен  мына  шыршамыздың шамдарын  жарқыратып, жағып алмаймыз ба?

Аяз ата:   Ал,балалар, енді шыршамызды жағайық. (Аязата  таяғымен 1,2,3 шыршамыз жанып жарқыра)

О ,Бәрекелді!  Шыршамыз жанды  жарқырап, не отырыс балалар қәнекей шыршаны айнала ән салайық.

Шырша әні:

Ақшақар: Ойын :ата-аналар мен оқушыларды  ойнату

Аяз ата:  юбка мен калпак  ойынын ойнатады.

Жүргізуші:  қәне, балалар бізде  қарап  тұрмайық. Аязата мен Ақшақарға  өз өнерлерімізді  сыйлайық.

Өзгелерден бөлек екен мәнері,

Ерекше  екен өздері.

Шырша  тойын тойлауға,

Келді бүлдіршіндер  ортаға- деп 0-1 сынып оқушыларын ортаға  шақырамыз.

Жүргізуші:Аязата, ақшақар сіздер біздің балалармен бірге шыршаны айналып ән айтуға қалай қарайсыздар?

Ән: «Келді міне Жаңа жыл» (Музыка ойналып мұзханшайымы келеді.)

Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.

Аяз ата:                      

 О ханшайым сабыр сақтаңыз,

Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

Сайқымазақ: 

Сәлем беріп біз сізге

Бар әнерді саламыз.

Өнерлі ханым келді деп

Әлемге жар саламыз!

Мұз

ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алар  мекенсіңдер?.

Би: «4 сынып би»

Аязата: мұзханшайым  енді кішкене  ойын ойнасақ, сенің  жүрегің  қалай жібіп кеткенін  байқамайда қаласың.

Аязата ойындары: ата-анасын баласы кәмпит арқылы тамақтандыру.

Мұз ханшайымы: Менің мына биден, ойыннан кейін көңілім жайланды.Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. Мен жаңа-жылды босатайын. (Шығып кетеді)

(Музыка ойналып мыстан келеді).

Мыстан:Аспанда қайдағы бір тікұшақтар мен ұшақтар ұшып жүр. Ал жерге түссең мынандай менің сұлулығыма шек келтіретін балалар жүреді. Аяқтың астында. Тфу, МАИ нені қарап жүр. Осыларды тексермей. Сендерге алаңдаймын деп таяғымды сындырып алдым. Ооо Аяз ата мен Ақшақарда мында екен гой . Мен сіздерді келесі мектептегі жаңа-жыл мерекесіне алып кетпекші едім. Жүріңіз. (Мыстан Аяз ата мен Ақшақарды қолынан ұстап кетпекші болады. Сол кезде жүргізуші кеп алып кетеді)

Жүргізуші: Мыстан әже, қош келдіңіз, жаңа жылыңызбен! Сізсіз Жаңа жылдың сәні кірмес, бізбен бірге бір ойын, не бір би билеп кетіңіз. Келіп қалдыңыз гой. Балаларда соны қалайды , Солайма балалар.

Мыстан: Ай, жарайды менің мына сыпырғышыма мына шыршадан қосып қойыңдар. Мен енді жылдам жететін болайын.

Ал, қандай ойын, қандай би бар мен бір билеп қалайын. Ааа , таптым , таптым мына шарды жару керек. Ол үшін ортаға 6 бала шығады шарды отырып жару керек, шардың ішінен шыққан тапсырманы орындау керек. Келістік па?

Жүргізуші: Ойын. «Шарды жарып тапсырманы орындау».

Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім.

Жүргізуші :Ақылға келген мыстан әжейдің құрметіне мыстан әженің өзін ортаға алып бір билейік. 

Шыршаны айнала  билеу.

Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,

Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

-деп ертеңгілігімізді «Жаңа

жыл» әнімен аяқтаймыз

Жүргізуші:Келер жылға дейін Қош сау

болыңыздар!

Просмотров: 445


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст