Сабақтың тақырыбы: «Тіл жүйрікте кім жүйрік»
Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
I-кезең “Алғыр болсаң озып көр» ( Ынтымақтастық) сөзінен бірнеше сөз құрастару.
II-кезең “Білімді мыңды жығар» (зымыран сұрақтарға жылдам жауап беру)
1.Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)
3. Зар заман өлеңінің авторы кім? (Шортанбай Қанайұлы)
4. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)
5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7. Қазақ тілінде сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді? (2)
8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер(антоним)
10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер(омоним)
11. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)
12. «Батыр Баян» поэмасының авторы (М Жұмабаев)
13. Басқа тілден енген сөздер (кірме)
14. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер(диалект)
15. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)
16. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)
17. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
18. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....
19. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)
20. Құрмалас сөйлемдердің үш түрін ата (салалас, сабақтас, аралас)
21.Көп тіл білетін адам (Полиглот)
22. Қазақтілінде неше сөз табы бар? (9)
23. Қараш-қараш оқиғасының авторы кім? (М Әуезов)
24.Мақалды жалғастыр: Қоянды қамыс...
25.Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (Түркі)
26.Қазақтың шешен билерін ата? (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
27.Мақалды жалғастыр: Көз қорқақ....
28.Ойран етті сөз тіркесінің мағынасы қандай?(тас талқанын шығарды)
29.Шапшаң сөзінің синонимін ата?(тез, жылдам, лезде)
30. Абайдың қанша қара сөзі бар? (45)
III-кезең «Өнер алды қызыл тіл» (мақал-мәтелдер сайысы)
IV-кезең « Сөз байлығың өз байлығың» (слайдтағы суреттерге қарап мәтін құрап, қорғап шығу)