Текст
"Nur Otan" партиясының "Бақытты отбасы" жобасын іске асыру аясында жыл сайын "Отбасым байлығым"конкурсы өткізіледі. ⠀
▶️ Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, отбасылық, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, патриоттық сезімді дамыту, отбасы институтын нығайту. ⠀
"Nur Otan" партиясы Степногорск аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары З.Хабибуллина және партияның қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ж. Акильбаев бірінші орын алғаны үшін Мерей отбасына диплом мен бағалы сыйлық табыс етті.